Мектеп логопедінің 2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген жұмысы туралы есебі » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп логопедінің 2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген жұмысы туралы есебі
31
май
2023

Мектеп логопедінің 2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген жұмысы туралы есебі

«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











2022-2023 оқу жылындағы

жүргізілген жұмысы

туралы есебі


 


2022-2023 жыл


   Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым. 

«Логопедия» - logos (сөз) және paideia (тәрбиелеймін, үйретемін) деген грек сөзінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі. 

Логопедия-сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады. 19 ғасырдан бастап логопедия жеке дара ғылым болып бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Дефектология Ғылыми Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық ғылым болып танылды. Логопедия ғылымы психологиямен, медицинамен, педагогикамен тығыз байланысты.

Логопедия неврология, невропсихология, нейролингвистика, психология, педагогика және т.б. ғылымдар негізінде жұмыс атқарады. Логопедияның  ғылым ретінде қалыптасуы  Рау Федор Андреевич, Михаил Ефимович Хватцев, Ольга Владимировна Правдина, Роза Евгеньевна Левинаның есімдерімен тығыз байланысты.


        Мақсаты: Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін – өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөзде дұрыс, анық, таза айтуға үйрету.  Дыбысты сөзде машықтандыру арқылы, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Зейінін, елестетуін, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық, сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін арттыру. Ұсақ қол моторикасын жақсарту.

   Міндеті: Әртүрлі тіл бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл бұзылыстарын зерттеу. Логопедиялық  тексеру нәтижелері бойынша ата-аналарына және педагогтерге жеткізу. Анықталған сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету, жою.  

          Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей   мақсат- міндеттері:         

          - сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;

          - енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;

          - белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;

          - байланыстырып  сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;

          - артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;

          - сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;

- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық  құрылымын дұрыс қалыптастыру;

- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау жүргізу;


          Логопедтік жұмыстың ұзақтығы екі–үш айдан бір жарым-екі жылға дейін балаларда сөйлеу бұзылуының сипаты мен байқалу дәрежесіне, олардың дербес-жеке басының ерекшеліктері мен отбасындағы тәрбиесіне байланысты болады.  


           Сөйлеу тілі бұзылған балаларды шығару, оларда сөйлеу дамуындағы кемістіктері жойылуына қарай оқу жылының кез келген мерзімінде жүзеге асырылады. Ата-аналарының келісімімен балалардың психофизикалық жағдайын нақтылау қажет болғанда, логопед оларды маман дәрігерлерге ПМПК кеңес алуға жіберілуі мүмкін.                    


           2022 жылдың 21 қарашадан бастап Жұмырбаева Н.Т­- дан  жұмысты қабылдап алдым. 2022 жылы қыркүйектен – 2023 жылдың 31 мамыр айының    аралығындағы мектепішілік білім алатын оқушылармен 1 және  4 сыныптар аралығында диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Диагностика қортындысы бойынша  жәй дислалия және күрделі дислалиясы бар оқушылар анықталды. ПМПК қорытындысы бар оқушылармен  жылдық жұмыс жоспары бекітіліп,  жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіліп отыр.  

   Барлық сөйлеу компоненттерін тереңдетіп логопедиялық тексеру нәтижелері негізінде логопедтік сабақтарға 16 оқушы және екінші жарты жылдықта тағы екі оқушы қабылданды. Оның ішінде:

 2 оқушы- 0 сынып оқушысы

11оқушы  - 1 сынып оқушысы 

1 оқушы  - 2 сынып оқушысы 

3 оқушы  - 3 сынып оқушысы 

1 оқушы  - 4 сынып оқушысы

3 оқушы  - ОПМПК қорытындысымен келген оқушылар.


      21 қыркүйектен бастап диагностика жүргізілген оқушыларға ротоцизм, ламбдацизм, сигматизм диагноздары қойылды. Осы аталған диагноздарды топтастырып айтқанда «Дислалия» деп айтамыз. 


       Дислалия дегеніміз – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Яғни, дыбыстарды алмастыру, дыбыстарды айтпай тастап кету, бұрмалап айтуы. 


      Дислалия-сөйлеу тіл бұзылыстарына қарай екіге бөлінеді 

  • Қарапайым дислалия - сөйлеу тіліндегі бұзылыстар саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп айтады
  • Күрделі дислалия - ал егер бесеу және одан да көп болатын болса – оны күрделі дислалия деп айтады.

        Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – артикуляция аппарат мүшелерінің қимыл – қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар. Артикулиция аппарат мүшелеріне ерін, тіл, таңдай, тіл ұшы жатады.  


       Логопедтік жұмыстың ұйымдастырылуы: әр баламен жеке сабақтар жүргізіліп тұрады. Солардың бірі: 

  • жалпы сөйлеуі дамымаған (ЖСД) І, ІІ, ІІІ деңгей
  • жәй дислалия және күрделі дислалия 
  • тұтықпа 


           Барлық түзете-дамыту сабақтары, дыбыстарды қою және машықтандыру, фонематикалық естуді дамыту, сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық құрылымын және т.б. қалыптастыру бойынша оқушылармен жеке жұмыс, логопед – мұғалімнің жұмыс жоспарына сәйкес жеке дамыту бағдарламасы бойынша өтіледі. Жеке түзете-дамыту сабағы бекітілген сабақ кестесі бойынша әр оқушымен 30 минуттан аптасына 2 рет жүргізіледі. 

Оқушылардың барлығына сөйлеу картасы толтырылған. Ата-аналардан өтініш және анамнез толтырылып алынды. Балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.

Балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. Аталған әрекет түрі сөйлеуі бұзылған балаларды егжей-тегжейлі зерттеп алғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл кезде логопед есебіне алынған оқушылар арнайы күнделікті сабаққа қатысулары туралы қатаң түрде қадағаланып отырады. 




Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға жазылған анықтама

Оқушының 

аты-жөні

Сыныбы

Анықтамасы

Сынып жетекші

1

Айдарұлы Самир

0 ә

Дислалия: р

М.Сатбай

2

Кенжехан бекнұр 

0 ә

Күрделі дислалия: р, ң, л, қ, ж, з, ш

М.Сатбай

3

Еркін Кәусар

1 а

Дислалия: р

Н. Темірғалиева 

4

Базымбай Бекарыс 

1 а

Дислалия: р

Н.Темірғалиева

5

Ауған Қасымхан 

1 а

Күрделі дислалия: р, ң, л, қ, ж, з, ш

Н.Темірғалиева

6

Серік Айсұлтан

ә

Күрделі дислалия: р, ң, л, қ, ж, з, ш

Г. Исабаева 

7

Ақан Дінмұхамед

1 ә

Дислалия: ң, ж, р

Г. Исабаева

8

Оспанов Бауыржан 

1 б 

Дислалия: л, р

Р.Таубаева

9

Маратов Самир

1 б

Дислалия: ң, ж, р

Р.Таубаева

10

Айбек Тамирис

1 в

Күрделі дислалия: р, ң, л, қ, ж, з, ш

А.Нұрғалиева       


  11        

Нұрбақыт Кәусар

1 г

Дислалия: ң, ж, р

Б. Қойшыбек

12

Шухратұлы Алихан 

1 г

Күрделі дислалия: р, ң, л, қ, ж, з, ш

Б. Қойшыбек

13

Ғалымқызы Аида 

1 б

Дислалия: р 

 Р.Таубаева

14

Байдаулет Айша

2 в

Дислалия: р

А.Тоқсанбаева

15

Нұрақын Естай  

3 а

Күрделі дислалия: р, ң, л, қ, ж, з, ш

М.Жатқанбай 

16

Үсен Нұрсұлтан

3 ә

Дислалия: л, р

Ж.Ибраимова

17

Ғалымқызы Дария

3 б

Дислалия: л, р 

Н.Алтынбекова

18

Чукейтов Есет 

а 

Дислалия: ң, ж, р 

Ж. Агимова 

19

Имиров Халмурат 

2 в

ОПМПК қорытындысы: Умственная отсталость легкой степени со значительными нарушениями поведения, требующими ухода и лечения, обусловленная неуточненным заболеванием F70.1, ОНР ІІ уровня

А. Тоқсанбаева 

20

Жеңіс Дидар 

6 ә

ОПМПК қорытындысы: F 70.1 ОНР ІІ уровня

А. Құдайқұлова 

21

Байкеева Айшабүбі 

7ә 

ОПМПК қорытындысы: F 70.1 ОНР ІІІ уровня

С. Джанзакова 


Базымбай Бекарыс:  Бастапқыда Р дыбысын Л деп айтатын. Жеке түзете-дамыту сабақтарында Р дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығулар жасалынды, үйренді. Берілген тапсырмаларды орындай алады және дыбысқа байланысты сөздерден сөйлем құрай алады. Р дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.  


Оспанов Бауыржан : Алғашқыда Р дыбысынан келетін сөздерді айтқызған кезде Р дыбысын тастап (айтпай) кететін. Мысалы: парта – паата. Жеке түзете дамыту сабақтарында артикуляциялық жаттығуларды кеңінен қолдандық. Тілі осы  жаттығулар арқылы  біршама қалыпқа келді. «Саңырауқұлақ» жаттығуы арқылы Р дыбысы қойылды. Р дыбысын буында, сөзде машықтандырылды, ауызекі сөйлеу тіліне енді. Берілген тапсырманы толығымен орындай алады. Р дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.  









  Нұрақын Естай:  Алғаш сабаққа келгенде  42   әріпті айтқызған кезде ң, р, л, қ, ж, з, ш дыбыстарын айта алмайтындығы белгілі болды. Алайда,  қалған әріптерді айта алғанымен ауыз екі сөйлеу тілі түсініксіз және тез сөйлейді. Артикуляциялық жаттығулар әр сабақта жасалынады. Айтарлықтай артикуляциялық жаттығуларды да меңгере алмады. Мысалы, «ат шауып келеді», «саңырауқұлақ», «қайық». Себебі тілін басқара алмайды, яғни тілі гипотонусқа жатады (тіл тонусының төмендігі). Ң дыбысы қойылғанымен сөз арасында кесдесетін ң дыбысын н дыбысына алмастырады. Мысалы, таңғажайып-танғажайып. Тілінің гипотонусына байланысты Р дыбысы әлі қойылмады. Сабақтарға толық қатыспады. Логопед сабағына қатыспағандығына байланысты сабақты келесі жаңа оқу жылында жалғастыруға қалды

 

Маратов Самир: Бастапқыда Л дыбысын В деп айтатын. Жеке түзете дамыту сабақтарында Л дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығулар жасалынды. Жасалынған жаттығуларды толық үйреніп, жаттап алды. Л дыбысынан келетін сөздерді дереу айтып бере алады. Берілген тапсырмаларды орындайды және дыбысқа байланысты сөздерден сөйлем құрай алады. Л дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.   


Нұрбақыт Кәусар: Бастапқыда Кәусар Л мен Р дыбыстарын айта алмайтын.  Л дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығулар жасалынды. Л дыбысы І жарты жылдықта қойылды. Л дыбысы ауызекі сөйлеу тіліне енді.  Р дыбысын ІІ жарты жылдықтан бастадық. Дыбысқа байланысты жаттығулар жасалынды. Р дыбысын Л дыбысымен алмастыратын. Мысалы, роза – лоза. Дыбыс буында, сөзде, сөйлемде машықтандырылды. Қазіргі таңда ауыз екі сөйлеу тілінде еркін айта алады. Дыбыстарды толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды. 


 






  Ғалымқызы Аида : С дыбысын астыңғы және үстіңгі жақ тістерінің арасына қойып таза айта алмайтын. С дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығулар жасалынды. Осы жаттығулар арқылы, дыбысты буында, сөзде, сөйлемде көп қолдану арқылы дыбыс түзелді. Қазіргі таңда дыбыс ауызекі сөйлеу тіліне енді. С дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.


Байдаулет Айша : Айлинге логопедиялық ламбдацизм (Л) және ротацизм (Р) диагноздары қойылды.  Аталған Л дыбысымен І жарты жылдықта жұмыс жүргізілді. Артикульяциялық жаттығулар жасалынды. Л дыбысын У деп айтатын. Мысалы, (лампа – уампа). Жаттығуларды жасай жүріп Л дыбысы қойылды.  Л дыбысы ауызекі сөйлеу тіліне енді. 

ІІ жарты жылдықта Р дыбысымен жұмыс жүргізілді. Р дыбысына байланысты артикульяциялық жаттығулар жасалынды және де тез меңгеріп алды. Р дыбысы «саңырауқұлақ» жаттығуы арқылы қойылды. Алғашқыда Р дыбысын (ракета-тракета, робот-дробот) деп айтатын. Дыбыс айтарлықтай көп машықтандырылды. Қазіргі таңда дыбысты өте жақсы  меңгеріп алды. Сөйлемде еркін айта алады. Р дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.  


   Ғалымқызы Дария: Дария 2022 жылдын ІІ жарты жылдығының ақпан айынан бастап логопед сабағына қабылданды. Логопедиялық ротацизм диагнозы қойылды. Артикульяциялық жаттығулар жасалынды. Жаттығуларды еркін меңгеріп алды. Алайда Дарияның дыбыс ырғағы өте төмен. Яғни, ақырын сөйлейді. Дауыс ырғағының әлсіз болуына байланысты Р дыбысы әлі де қойылу үстінде. Жеке Р дыбысын айта алмайды. Сөз арасында (дракета, друка, драдуга) деп айтады. Осы себептерге байланысты логопед сабағын келесі жаңа оқу жылында жалғастырды. 2022-2023 оқу жылында коптеген нейрожаттығулар мен артикуляциялық жаттығулар жасалынды. Р дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.


Еркін Кәусар : Бастапқыда ң дыбысының кемшілігімен келген.   дыбысының орнына н дыбысын алмастырып айтатын. Мысалы, /таңқурай – танқурай/. Ң дыбысымен көп жұмыс жүргізілді. Ң дыбысымен н дыбысын алмастыруына байланысты жеке түзете дамыту сабақтарында диктант алынып отырды. Қазіргі таңда ң дыбысын еркін түрде айта алады. Ауызекі сөйлеу тіліне енді.  Ң дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.  


   Чукейтов Есет: Ң, Ж, Р дыбыстарын айта алмайтын. І жарты жылдықта ң дыбысы қойылды. Ал, Ж дыбысы ІІ жарты жылдықта қойылды. Дыбыстарға байланысты артикульяциялық жаттығулар жасалынды. Дыбыстар буында, сөзде, сөйлемде машықтандырылды. Дыбыстарды еркін айта алады. ІІ жарты жылдықта Р дыбысымен жұмыс істеу үстіндемін. Тіл тонусының төмендігіне байланысты әлі де дыбыс қойылу үстінде. Тілінің қалыңдығына байланысты тіл ұшына діріл келтіре алмайтын. «Ат шауып келеді», «саңырауқұлақ», «маса», және «тоқылдақ» жаттығулары жасалынып жатыр. Р дыбысын жеке және буында айта алмайтын. Р дыбысын толық меңгеріп алуына байланысты логопед сабағынан шығарылды.  


  Имиров Халмурат: ОПМПК қорытындысы: Умственная отсталость легкой степени со значительными нарушениями поведения, требующими ухода и лечения, обусловленная неуточненным заболеванием F70.1, ОНР ІІ уровня. 

Алғашқыда артикульяциялық жаттығуларды жасай алмайтын. Әріп танымайды, жазу жаза алмайтын. Қазір «бақа», «піл», «сусиыр» жаттығуларын жасай алады. А, Ә, Б, Д әріптерін айта алады. Есте сақтау қабілеті төмен болғандықтан қалған әріптерді жаттай алмады. Қаламды қатты ұстауына байланысты әріптерді дұрыс жаза алмайды және  тез шаршап қалады. Есте сақтауына және ұсақ қол маторикасымен жұмыстар жасалынып отырады. 


   Жеңіс Дидар: ОПМПК қорытындысы: F 70.1 ОНР ІІ уровня

Алғашқыда артикульяциялық жаттығуларды орындай алмайтын. Қиналатын. Әр сабақта  жаттығуларды жасай жүріп үйреніп алды. Қазір жаттығуларды толық жасай алады. Барлық дыбыстарды айта алады. Алайда  өте тез, әрі түсініксіз сөйлейді. Шыдамсыздығына байланысты тапсырмаларды толық орындай алмайды. Жазу жазғанда қаламды әлсіз ұстайды, және де жазуды түзу етіп бастыра алмайды. 


   Байкеева Айшабүбі:  ОПМПК қорытындысы: F 70.1 ОНР ІІІ уровня.

Айшабүбінің тіл тонусының төмендігіне байланысты артикульяциялық жаттығуларды айтарлықтай толық орындай алмайды. Артикульяциялық «бақа», «піл», «сусиыр», «сылақшы», «тарақ», «мысық», «қайық»  жаттығуларын орындай алады. «Доп», «шар» жаттығуларына  тілінің икемділігі келмейді. Жазу жазғанда тез шаршап қалады. Сөздерден сөйлем құрай алмайды. 




Жалпы оқушылар арасында антропофоникалық кемшілігі бар балалар р- дыбысын тамақпен айту немесе с -дыбысын тіске қысып айтатын оқушылар болды. Фонологиялық кемшілікті  мысалы:   ш орнына –с алмастыру (ескі – ешкі), немесе –р орнына –л (Роза – лоза) деп айтатын оқушылар болды.




     Жалпы логопед сабағына толық қатысқан оқушылар тізімі  бойынша шыққан  нәтижелер. Оқушылармен  түзету жұмыстары жүргізіліп, ойын тапсырмалар, жаттығулар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерімен, саусақ жаттығулары, дұрыс тыныс алуымен  жұмыс жасалынды. Сонымен қатар айта алмайтын дыбыстарына байланысты әртүрлі артикуляциялық гимнастикалық жаттығулар жасалынып, айта алмайтын дыбыстары қойылды. Қойылған дыбысты буында, сөзде, сөйлемде машықтандырылды.

 Ысқырық (С), ызың (Ж), сонор (Р, Л), таңдай арқылы айтылатын (Ң) дыбыстарымен толық жұмыс атқарылды. Қойылған дыбыстар ауызекі сөйлеу тіліне ендірілді.  Логопед сабағына толық қатысқан 11 оқушының барлығы өте жақсы  деңгейде  меңгеріп шықты.

Еркін Кәусар, Базымбай Бекарыс, Оспанов Бауыржан, Маратов Самир, Үсен Нұрсұлтан, Ғалымқызы Аида, Нұрбақыт Кәусар, Байдаулет Айша, Чүкейтов Есет, Ғалымқызы Дәрия, Шухратулы Алихан  осы аты аталған 11-оқушылар логопед сабағынан босатылады, логопед сабағын қажет етпейді.


Қортынды: Жалпы логопед сабағына қабылданған оқушы саны: 21 оқушы.


Логопед сабағын меңгеріп шыққандар саны: 11оқушы


Логопед сабағына қайта жалғастыратындар саны: 7 оқушы  


ПМПК қорытындысы бар оқушылар саны: 3 оқушы 


Орын алған кемшіліктер:

Оқушылардың  сабақтан қалулары. 

Үйде ата-анасымен бірге сабаққа дайындалмауы.

Ата-ана баласының   тіл бұзылысын ерте  анықтап, ерте әрекет  етпеуі.   

Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильмдерді көріп, тілін орысша, ағылшынша  бұрмалап сөйлеуі.


Алда тұрған міндеттер:

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тіл кемшіліктерін кешенді түзетуге, даму ерекшеліктерін қалыптастыруға ары қарай жақсы нәтижеге қол жеткізуіне жағдай жасау


Ұсыныстар:

«Оқушы-ата-ана-сынып жетекші» үштік байланыс үзбеу арқылы тіл дамыту жаттығуларын қайталау дағдысының бірізділігін қалыптастыру;

Оқушылардың сабаққа уақытылы, қалмай қатысуын қадағалау.

Тіл бұзылысы бар балаларға тіліне және бұлшықет тонусына байланысты логомассаж  жасау. Тыныс алу жаттығуларын жиі жасау.






Логопедиялық жұмыс жүйесін қорытынды талдау барысында анықталған проблемалар

SWOT  талдауы

                                                                               


S- күшті жағы



W- әлсіз жағы



- Оқушылардың логопед сабағына қызығушылығы  жоғары болды 

- Мектеп логопеді  мен оқушы арасында ынтымақтастық  қалыптасты  

- Оқушылар  артикуляциялық  жаттығуларды  қызыға     орындап,  тез қабылдады   

- Оқушылардың тіл кемістігіне байланысты (артикуляциялық жаттығулар, ұсақ қол моторикасын дамыту, бет әлпетіне түрлі массаждар жасай отырып) нәтиже шығарылды. 


- Ата-ана,  сынып жетекшілерімен    тығыз байланыс  орнатылмауы                                                        

-  Кейбір  ата-аналар балаға дұрыс көңіл бөлмеуі 

- Оқушылардың сабаққа уақытылы келмеуі.

-  Оқушылардың диагнозына байланысты арнайы инклюзив сыныбының  құрылмауы 

 - Материялдық –техникалық құрал жабдықтардың     (кушедка, зонд, кварц т.б) болмауы  



O-мүмкіндіктері 



T-қауіптер



- Мектептің     қоғамдық жұмыстарына қатысуы 

- Үйден оқитын оқушының аудандық іс-шараға белсене араластыру. 

Диагностикалық және дидактикалық материалдардың картотекасы;



- Баланың медициналық диагнозына байланысты өтілген сабақтарды есте сақтай алмауы

- Ата-ана баласының   тіл кемістігін ерте  анықтап, ерте әрекет   етпеуі     

Ата-аналардың үй жағдайында берілген тапсырмаларды баламен орындамауы

- Әлеуметтік желідегі әртүрлі мультфильмдерді көріп, тілін орысша бұрмалап сөйлеуінің қиынға түсуі 


                                                                       Педагог-логопед: М.М.Мелеупова 









Педагог логопед  М.М. Мелеупова