Ақпан айының жұмыс жоспарының анықтамасы » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ақпан айының жұмыс жоспарының анықтамасы
31
март
2022

Ақпан айының жұмыс жоспарының анықтамасы

Анықтама

2022 жыл ақпан айында мектеп кітапханасында 2021 -2022 оқу жылында аталып өтілетін ақын, жазушы, батыр, әншілерге арналған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

  Мақсаты: 2021- 2022 оқу жылында аталып өтілетін ақын, жазушы, батыр, әншілерге арналған кітап көрмесін оқушыларға таныстырып, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның белгілі азаматтарын оқырмандарға жақынырақ таныстыру.

Кітапханашы: Биылғы жаңа жылдан бастап аталып өтілетін ақын, жазушы, батыр, әншілерге арналған кітап көрмесін таныстырды.

  1. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
  2. Ақмаңдайлымды әуелеткен қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл
  3. Сырлы да сұлу суреткер Сырбай Мәуленов 100 жыл
  4. Аты аңызға айналған суреткер Ғабит Мүсірепов 120 жыл
  5. Сөз өнерінің шебері Ғабиден Мұстафин 120 жыл
  6. Қаламгер келбеті Дулат Исабеков 80 жыл
  7. Абайды танытқан әлемге... Мұхтар Әуезов 125 жыл
  8. Аңыз және абыз шерхан Мұртаза 90 жыл
  9. Әзілхан Нұршайықов 100 жыл
  10. Бір тойым болатыны сөзсіз менің Төлеген Айбергенов 85 жыл
  11. «Ерлікпен өмірі гүл атты» Мәншүк Мәметова 100 жыл
  12. Талғат Бигелдинов 100 жыл

Кітапханашылар:    

Анықтама

  9 ақпан 2022 жыл мектеп кітапханасында XX ғасырдың ғаламат ақыны, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері қазақтың ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-сазды кешін өткізді.

Мақсаты: «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламсы аясында Мұқағали Мақатаевтың ақындық өнерін оқушылар арасында насихаттау,  сөз өнеріне, поэзия әлеміне, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Кітапханашы: Талантты тұлға-Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан, оны біріміз білсек,біріміз білмейміз. Ақынның өмірінен деректеріне кітапханашы М.Ермеш қысқаша айтып өтті. 

М.Мақатаевтың өлеңдерін оқушылар мәнерлеп айтты.

1.8 «ә» сынып оқушысы : Ербосынқызы Зере «Бүгін менің туған күнім»,Байдаулет Әли «Мен қарапайым қарттарды сүйем» Әскер Өміререн «Қара өлең», 5 «ә» сынып оқушысы: Болатбай Бибі «Ана сен бақыттысың»,

7 «а» сынып оқушысы: Ербол Нұрым «Үш бақытым»,10 «а» сынып оқушысы: Байраш Балауса «Алтай Атырау»поэмасынан үзінді,8 «ә» сынып оқушылары: Болат Нұрай «Күрсінбеші»,Ораз Айым: «Ғашықпын», Ержанқызы Еңлік «Құмған алған»,Жұман Замира «Ей өмір»,  4 «ә» сынып оқушысы:Уразхан Албина «Бақыт деген не өзі»,4 «а» Сүлеймен Адия  «Шыда, шыда»,Тұрдақын Іңкәр «Тілектеске

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары Жадыра мен Айгерім Мұқағалиға арнау өлеңдерін оқыса, Жанна Ескендірқызы М.Мақатаевтың  өлеңдері мектеп программасында қалай насихатталып жатқаны туралы айтып өтті.

Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған ән «Арулар»   әнін бастауыш сынып мұғалімі Айжан Тоқсанбаева әуелете шырқады.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,М,Ермеш



Анықтама

  14 ақпан 2022 жыл мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ағылшынша ертегі оқимыз атты сынып сағаты өткізді.

Мақсаты: оқушыларды кітапханаға келген ағылшын тіліндегі кітаптармен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Кітапханашы: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары бар. Биылғы оқу жылында бізге кітапханаға таза ағылшын тілінде 1-6 сыныптарға арналған ертегі кітаптар келді.Біз көп оқысақ, көп білеміз. Казіргі заман талабы үш тілді меңгерсек артық болмайды. Бірінші өзіміздің ана тілімізде, орыс тілінде және ағылшын тілінде көркем әдебиеттерді оқысақ, біліміз жетіле түседі деп айтып өтті.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Сандуғаш Бегдайырқызы,Айерке Муратқызы ағылшын тілінде  келген көркем әдебиеттерді оқушыларға  таныстырды. Оқушылар өз ара келген көркем әдебиеттерді көріп, жаздырып алды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш


Анықтама

 2022 жыл ақпан айында мектеп кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жыр дастаны халқымның жүрегінде» атты кітап көрмесі жалпы оқырман назарына ұсынылды.

Мақсаты: М.Мақатаевтың ақындық өнерін оқушыларға насихаттау ,поэзия әлеміне,сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу,ақын жырларынан үлгі алу.

оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту,эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау.

Кітапханашы: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  ұйымдастырылған «Жыр дастаны халқымның жүрегінде» атты кітап көрмесімен таныстырып отырды. Кітап көрмесіне кітаптар мен қатар дәйек сөздер қойылды.

Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, М.Ермеш






Анықтама

12 ақпан 2022 жыл «Мейірім төгетін ана»   атты 

Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне

 арналған кітап көрмесі 

Мақсаты: Оқушыларға 12-ақпан сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін түсіндіру. С.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.      

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырылымдық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға   рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Кітап көрмесінде Сара Назарбаеваның адамның өзін-өзі танытуға, өмірге деген құлшынысын арттыруға арналған сөздері іріктеліп жазылған. «Өзін-өзі тану» оқулықтары қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары да бар. Сонымен қатар Сара Алпысқызының балалар ортасында, отбасымен, әріптетерімен түскен естелік суреттеріне кітап көрмесінің сөресінен орын алды.  

                                                                      Кітапханашылар:    Ш.Түгелбаева,М.Ермеш