Қыркүйек айының анықтамалары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Қыркүйек айының анықтамалары

Анықтама
   2022 жыл қыркүйек айы мектеп кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын оқырман назарына ұсынды.
Кітапханашы: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын жалпы оқырмандарға таныстырды. 
Жолдау 5 бағдардан тұрады.
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.
Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент жолдауынан:
  • ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
  • бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
  • ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
  • әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді;
  • қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады;
  • шетелден әкелінген көліктер 200-250 мың теңгеге заңдастырылады;
  • биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді;
  • президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады;
кітапханашы: Ш.Түгелбаева
Анықтама
2022 жыл қыркүйек айында мектеп кітапханасында Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына орай  «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» кітап көрмесі ұсынылды.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көрме «Рәміздер-елдігімнің белгісі», «Менің елімнің рәміздері», «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы», «Үмітін елдің арқалап,елінде туған рәміздер» атты төрт бөлімнен тұрады. Шарада мектеп кітапханашысы Ш.Түгелбаева мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен әр рәміздің өзіндік мәнімен оқушыларды таныстырып, тың мәліметтер берді. Оқушылар мемлекеттік рәміздер жайлы өздері білетін мағлұматтармен бөлісті.
                       Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,П.Молдахмет






Анықтама
   Қыркүйек айы 2022 жылы мектеп кітапханасында  Тіл мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі»   атты  кітап көрмесін жалпы оқырман назарына ұсынды.
Мақсаты: 
1. Оқушылардың ойын дамытып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын  және тіл байлығын молайту;
2. Өздігінен ізденген балаға тілін одан әрі өрбітіп, ой мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру;
3. оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім- білік дағдысын қалыптастыру;
4. ой өрісін кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
5. оқушылардың еңбеккеқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, іздемпаздыққа тәрбиелеу;
6. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрды.
1. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде
2. Ана тілім – дана тілім
3. Жаса, жайна мәңгілік, ана тілім
4. Тіл достықтың алтын көпірі
5.Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы
Мен қазақша сөйлеймін
Дәйексөз: 
1. Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, күшті болуға бірлік керек. (А.Байтұрсынов)
2.Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгенне бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім   мен үшін ең қстерлі, ең қымбат тіл.
3...Қазақ тілі... өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді... қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл... (Бауыржан Момышұлы)
4.Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болшағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. (Ғабит Мүсірепов)
5.Тілін білмеген – түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады,келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады.(Ғабит Мүсірепов) 
2.  «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесі жалпы оқырманға арналды. 
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, П.Молдахмет