Қазан айының анықтамалары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Қазан айының анықтамалары

Анықтама
  12 қазан 2022 жыл мектеп кітапханашылары   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022 – Балалар жылына орай  «Біз бақытты баламыз» атты  сынып сағатын 2 «А» сынып жетекшісі Р.Карибаева мен бірлесіп ұйымдастырды.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022 – Балалар жылы орай: Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға
мейірімді болуға, туған жерге,  айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кітапханашы: 2022 -Балалар жылы туралы айтып, «Оқуға құштар мектеп» атты  кітап көрмесіне шолу жасады. Оқушыларға қандай балалардың ақын, жазушылар бар екенін таныстырып өтті.
Мысалы: Ы.Алтынсарин,Мұзафар Әлімбаев,Бердібек Соқпақбаев,Өтебай Тұрманжанов, Саттар Ерубаев,Қадыр Мырза Әли,Мұқағали Мақатаев және жергілікті ақын, жазушыларымыз Даулет Қасенов, Бағдат Айтмұқаева,Тоқбай Исабеков. Сонымен қатар оқушыларға сұрақтар қойылды.
Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақ елінің президенті кім?
- Астанасы қай қала?
- Біздің мемлекет қандай мемлекет?
- Мемлекеттік тіл қай тіл? 
Біз Қазақстан атты мемлекетте тұрамыз. Біздің мемлекетіміз көпұлтты, тәуелсіз  мемлекет. Бұл мемлекеттегі бар ұлт тату-тәтті тұрады. Оқушылар өлең жолдарын жатқа айтып,әндер шырқалды.
Балаларға сынып сағаты ұнады. 
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева,А.Утенова
Анықтама
   20 қазан 2022 жыл 25 қазан Республика күніне орай кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты:Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды Отанды сүюге , еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеуОтанға деген патриоттық сезімдерін ояту. 
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мерекеретінде алғаш рет аталып өтеді. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан-жақты карым – қатынас жасайды. Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік.Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға  сенеміз
5 «А» сынып оқушылары:Амантай Әнель,АхметханМарғұлан,Тұрдақын Іңкәр,Сүлеймен Адия,Сағатбай Қырмызы.5 «Б» сынып оқушылары:Сакен Қырмызы,Мұзапархан Назакат,    Марат Раяна,Шаяхметова Алуа,Рахманова Юлдуз,Ораз Әлия,Бахарова Ясмина, Наурызбай Зере,Дуалтқызы Інжу.
6 «А» сынып оқушылары:Тұраш Айерке,Серік Тоғжан,Сатыбалды Нұрдос,Амантай Нұрай.6 «б» сынып оқушылары:Айтбулат Алан,Жанұзақ Жандос,Құмарбек Жандос осы оқушылардың ішінде А.Тураш, Жанұзақ Жандос,Мұзапархан Назакат, Ораз Әлия, Бахарова Ясимна жоғары дейгейде қатысып жүлделі орынға ие болды. Іс- шара соңында Кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Утенова
Анықтама
  2022 жыл 10 қазан күні кітапханашылар  7 «ә» сынып жетекшісі С.Джанзаковамен бірлесіп   Жұмекен Нәжімеденовтың  " Менің Қазақстаным"атты танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,   Жұмекен Нәжімеденов " Менің Қазақстаным" Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы.  Ж. Нәжімеденовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру."Менің Қазақстаным"өлеңінің шығу тарихымен таныстыру.Оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
 Кітапханашы: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында тандалған 30 шығарманың бірі Жұмекен Нәжімеденов " Менің Қазақстаным" атты танымдық сабақ ұйымдастырды.  Ақын өмірден ерте озса да, артына өшпес мұра, ғұмырлы жылдары қалды.
 Ақын туралы түсірілген деректі фильм оқушылар назарына ұсынылды.Желтоқсанның қара бұлтты қаһарлы күндерінде Алматы көшелерінде лек - легімен шеру тартқан қазақ жастары бір ұранды аспандата шырқап еді. Ол «Менің Қазақстаным» - әні біздің мемлекетіміздің Гиміне  айналды.Ақынның өмір мен шығармашылығы туралы оқушылар жан – жақты айтып өтті. Кітаптарымен таныстырылды. Әзір көп жұрт оның есімімен тек "Менің Қазақстаным"әнін жақсы біледі. Барша жұрт оның барша өлеңін оқып, бүкіл мұрасын жаппай қастерлейтін күн алыс емес. Оның Қазақстаны енді орнап келеді. Оның жұлдызы оның жырларын терең ұққандар көбейе түскен сайын биіктей береді. Әбіш Кекілбаев айтқандай Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдері ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса береді.
Кітапханашылар: Ш.Түгелбаева, А.Утенова