Педагог-логопедтің ата-анамен жұмыс жоспары » Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Н.Н.Головацкии атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Педагог-логопедтің ата-анамен жұмыс жоспары


Педагог-логопедтің ата-аналармен жүргізетін жылдық жұмыс жоспары










Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:

Ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарына белсенді араластыру, сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың міндеттері:

  • Ата-аналарды  сөйлеу тілінің бұзылыстары бойынша ақпараттандыру, кеңес беру;
  • Ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарына белсенді араластыру;
  • Үй жағдайында жағымды тілдік орта қалыптастыру;
  • Ата-аналарды білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау (сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу дағдыларының қалыптасуы) бойынша кеңес беру.



 №

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Есеп беру нысандары

1

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізу. Бала туралы мағлұмат жинақтау 

Қыркүйек

Педагог-логопед

1б- формасы


Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.

2

Білім алушылардың тілдік қорытындыларымен ата-аналарды таныстыру. Логопедиялық үй тапсырмаларының маңызын түсіндіру.

Қыркүйек-мамыр

Педагог-логопед

Логопедиялық үй тапсырмалары


 3

Ата-аналарға арналған ақпараттық кеңестер үлестірмелі материалдар дайындау: 

  • «Артикуляциялық жаттығулар – сөйлеу тілін түзетудің басты құралы»;
  • «Балалардағы сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу»;

Қыркүйек-мамыр

Педагог-логопед

Үлестірмелі материалдар


 4

«Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін дыбыс айту бұзылыстарын түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға арналған шебер сынып өткізу

Қараша

Педагог-логопед

Шебер сыныптың анықтамасы


Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, Г. Б. Ибатова.

Логопедия. Оқулық: Жоғарғы педагогикалық оқу орындарының дефектология бөлімдерінің студенттеріне арналған оқулық  –  Алматы:  ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 495 бет.

5

Ата-аналарға сұраныс бойынша кеңес беру

Сұраныс бойынша

Педагог-логопед

Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналы

6

«Ата-аналар бұрышын» жаңа ақпараттармен толықтыру

Қыркүйек-мамыр

Педагог-логопед

Ата-аналар бұрышы

7

Тренинг-практикум: «Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру»

Қаңтар

Педагог-логопед

Нейрогимнастикалық жаттығулар кешені


https://www.instagram.com/reel/CjPUd-TKwcT/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

8

«Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» ата-аналарға арналған семинар тренинг өткізу

Ақпан

Педагог-логопед

Семинар тренинг анықтамасы


Мектеп жасындағы жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының мазмұны: әдістемелік нұсқаулық /Г.Н.Тулебиева, Г.Б.Ибатова, А.А.Даурамбекова, Ж.Ж.Нурсеиова, - Алматы: ТП ҰҒПО, 2018ж.-53б

9

«Дислексия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» ата-аналарға арналған семинар тренинг өткізу

Сәуір

Педагог-логопед

Семинар тренинг анықтамасы



Мектеп жасындағы жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының мазмұны: әдістемелік нұсқаулық /Г.Н.Тулебиева, Г.Б.Ибатова, А.А.Даурамбекова, Ж.Ж.Нурсеиова, - Алматы: ТП ҰҒПО, 2018ж.-53б

10

Оқушылармен жүргізілген түзете-дамыту жұмыстарының қорытындысымен ата-аналарды таныстыру, оқу жылын қорытындылау.

Мамыр

Педагог-логопед

Жылдық рефлексиялық есеп


Педагог-логопед          Жұманова Салтанат Айдарқызы